Медицина саласында емін әлі таппаған аурудың бірі қатерлі ісік. Жыл сайын дүниежүзі бойынша осы дерттен көз жұматындар саны артуда.
Дәрігерлердің айтуынша, бұған басты себеп – өз денсаулығына немқұрайлы қарап, скринингтік тексерулерден өтпеу.
Скринингтен өткізу жұмысы басталғанына 10 жылдан асты. Мемлекеттің есебінен тегін профилактикалық тексеруден өтуге болады. 40 жастан асқан әйелдерде сүт безі обыры мен жатыр мойыны обыры көп кездесетіндіктен, олар 2 жылда бір рет тексерістен өтіп тұру керек.
Ер адамдарда кездесетін онкологиялық ауру түрлеріне өкпе обыры, қуықасты безінің обыры және өңеш обыры жатады.
50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер гемокульт-тесттің көмегімен колоректалдық обырды ерте анықтауға тексеруден өтеді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сүйене отырып, скринингтік зерттеулерден өту үшін бір жыл ішінде қызметкерлерге 3 жұмыс күніне дейін әлеуметтік демалыс берілетінін біле жүргеніңіз жөн. Яғни жұмыс беруші өз қызметкерін оның лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтен өтуге кедергісіз босатылады.
Скринингтік тексеру аурудың бастапқы кезеңін дер уақытында анықтауға әрі асқындырмауға және жүйелі ем қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша өмір сапасы мен ұзақ өмір сүруге мүмкіндік алады. Алайда адамдар скрингке шақырғанда келмегендіктен аурулары асқынып, мазалай бастағанда ғана дәрігерге жүгінеді. Өкінішке орай ол кезде кеш болады. Сол себепті адамдарды құтқару дәрігерлердің қолынан келмей қалады. Аурудың ерте анықталуы адам өмірін ұзарту үшін маңызы зор. Сондықтан әр азамат өз өмірі үшін, қауіпті дертті ауыздықтау үшін жыл сайын скрингтен өтіп, дер кезінде ем алу керек.
Нұрбәтима Байтұрсын


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді