Оңтүстік Кореяның қорғаныс тараулары 16 сәуірде таратқан хабарында, сол күні түстен бұрын Солтүстік Корея жаңа зымыран сынағын жасаған. Аталған елдің қорғаныс өкілдерінің айтуынша, бұл реткі зымыран сынағы сәтсіз болған. Сонымен бір уақытта АҚШ Тынық мұхит бас штабы да Солтүстік Кореяның сәтсіз аяқталған жаңа зымыран сынағын растады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 20 сәуір күні өткізген баспасөз жиынында, осыдан бұрынғы Солтүстік Кореяның зымыран сынақтары айыпталып, бұдан кейін ядролық зымыран сынағын жасауын тоқтатуын талап етті. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
Қауіпсіздік кеңесінің айтуынша, Солтүстік Корея БҰҰ қаулысын елеместен, осыдан бірнеше күн бұрын ең жаңа түрдегі зымыран сынағын жасаған. Өңірдің қауіпсіздігіне ауыр қатер төндіруде. Қауіпсіздік кеңес Солтүстік Кореяның біртұтас бекітілген қарарды бұзатын мұндай әрекеттерді тез арада тоқтатуын талап етті.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Корея өткен жылы 6 қаңтардан 9 қыркүйекке дейін ядролық сынақ жүргізген болатын. Оның арасында бірнеше реткі баллистикалық зымыран сынақтары да бар. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сол жылы 2 наурызда және 30 қараша да екі рет қарар қабылдап, Солтүстік Кореяның ядролық сынағын айыптап, тез арада тоқтатуын талап еткен. Алайда, бұл қарарға құлақ түрген Солтүстік Корея болған еді.
The Qazaq Times

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр