БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғары Комиссияның жаңа есебіне сай, әлемдегі босқындар саны 100 миллионнан асты. Халыаралық қауымдастық босқындар санының артуына әлем елдеріндегі соғыс, зорлық-зомбылық және адам құқығының бұзылуы сынды жайттердің көбеюі себеп болды деп көрсеткен.

Мәліметтерге сай, 2021 жылдың соңында қоныс аударғандар санының алдынғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға артып, 89,3 миллионға жеткен. Бұл 10 жылда босқын саны екі еседен көп өскенін көрсетеді. Ал, аталған комиссияның арнайы есебінде айтылуынша, ақпан айында Ресейдің Украинаға басып кіруі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі мәжбүрлі қоныс аударуға себеп болған. Бұған Африкадан Ауғанстанға дейінгі босқындар ағынын қосқанда әлемдегі босқындар саны 100 миллион адамнан асып кеткен.

Босқындар санының бұл көрсеткіші 2022 жылдың мамыр айына дейінгі санақты көрсетеді.  Айырықша 2021 жылдың аяғында төмен және орта табысты елдер босқындардың 83 пайызын шығарған. Қазір әлемде босқындар ең көп жиналған ел ретінде Түркия аталуда. Онда 3,5 миллион шамасындағы сириялық және өзге Орта Шығыс елдерінен барған босқындар тұрады. Венесуэлладағы саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты қоныс аударған босқындар санымен Колумбия екінші орынды иелейді. Үшінші орында 1,5 миллионнан астам босқынмен Пәкістан, төртінші орында 1,5 млн шамасындағы босқындар мен Уганда, бесінше орында Германия (1,3 млн) жайғасқан.

The Qazaq Times