Кеше, 30 мамыр дүйсенбінің кешінде, Еуропалық Одақ лидерлері Ресейге қарсы санкциялардың 6-шы пакетін мақұлдады. Бұл санкция кезегінде Ресей мұнайын импорттауға ауқымды шектеулер және Сбербанкты SWIFT жүйесінен шығару мәселесі қарастырылған.
Еуропа Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған пікірінде, Ресейдің ЕО-ға бағытталатын мұнай экспортына шектеу қою елдің тұтас мұнай экспортының үшткен екі бөлігіне әсер ететіндіктен, кезекті санкция ресейлік соғыс машинасының қаржылық көздерін бұғаттайтынын айтты. Ол бұл шараны: «Бұл соғыс тоқтату мақсатында Ресейге жасалған максималды қысымыл», – деп бағалады.
Дегенмен, Ресейден ЕО елдеріне теңіз арқылы жеткізілетін мұнайларға ғана шектеу қойылды, «Дружба» мұнай құбыры арқылы жеткізілетін мұнай шектеусіз қалдырылды. Себебі, бұл құбыр арқылы баратын мұнайға Венгрия секілді ЕО мүшелері тәуелді болғандықтан санкцияға кіргізуге қарсы болды.
Соның өзінде, санкцияның кезекті пакетін жария етіп тұрып Шарль Мишель құбыр арқылы жеткізілетін мұнайды шектеусіз қалдырудың өзі уақыттың іс екенін ескертті.
ЕО тарабы білдіргендей, Ресейдің ірі банкі Сбербанк ЕО елдеріндегі SWIFT жүйесінен шығарылды. Бұған қоса жыл аяғына дейін Ресейден импортталатын мұнайдың 90 пайызына шектеу кіргізуді жоспарлап жатыр. Ресейге қарсы санкциялармен қатар ЕО тарабы Украинаға 9 миллиард евро көлемінде көмек көрсетуді ақылдасып жатыр. Қазірге бұндай көлемдегі қаржыны қай тармақтан алынып, қалай берілетіні анық емес.
Қабылданған шешімдер соңғы рет техникалық тексерістерден өтіп барып одақтың ресми басылымына жарияланады. Содан кейін ғана санкция толық күшіне енетін болады.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді