Украина Бас штаб басқармасы 24 ақпан мен 30 сәуір арасындағы Ресейдің әскери шығындары туралы жаңа мәлімет таратты. Онда Ресей соғыс басталғаннан бері 23 мың 200 әскерін жоғалтқаны айиылған.
Аталған мәліметке сай Ресейдің соғыс шығындары қатарында 190 әскери ұшақ, 155 тікұшақ, мыңнан астам танк, 2445 сауытты әскери көлік, 1701 әскери көлік, 436 артиллерия, 151 зымыран жүйесі, 232 дана ұшқышсыз ұшу құрылғысы жойылған. Бұлардан тыс 77 әуе қорғаныс жүйесі, 8 әскери кеме және қайықтар талқандалған.
Соғыс шығыны бойынша тараптардың ресми мәлімдемелерінде айырмашылықтар өте көп, дегенмен Украина Бас штаф басқармасының мәліметтерінде Донбасс аймағындағы соғыс басталғаннан бері қос тараптан да шығын көлемдері ұлғайғаны анық көрінеді.