АҚШ Германияда Украинаға көмекке берілген техникаларды пайдалану бойынша украин әскерилерін жаттықтырып жатыр. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі Жон Кирби мәлімдеді. 

Пентагонның ресми өкілі Жон Кирби мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путинді қатты сынға алды. Ол сөзінде: "Путиннің Психологиясы туралы айта алмаймын. Оның Украинада не істегенін, оның күштерінің не істегеніне қарап ешкім оны ақтап ала алмасы анық. Кей картинадан Владимир Путиннің дұрыс ойлай алатынына күмәнмен қараймын. Путиннің психологиясы туралы айта алмасам да, оның азғындығы туралы бәріміз де айта аламыз деп ойлаймын", – деген. АҚШ Қорғанысм министрлігі ресми өкілінің бұл сөзі ақпарат құралдарында қызу тақырыпқа айналды.

Пентагон өкілі апта соңындағы мәлімдемесінде, Германияда өтіп жатқан Украина қарулы күштеріне арналған оқыту бағдарламасы басталып кетті, ал америкалық артиллерия қарулары және радар жүйелерін соғыс жағдайында пайдалану бойынша оқу-жаттығулардың алғашқы кезеңі аяқталып үлгерген.

Кирбидің сөзінше украин әскерилерін оқыту бағдарламасында радар, артиллериялық қаруларды пайдаланудан тыс, Украина қарулы күштерінің Донбасс аймағындағы соғыста Ресейдің шабуылдарына қарсы күресу қабілетін арттыратын бағдарламалар да бар.

The Qazaq Times