Ресей Қорғаныс министрлігі сәрсенбіде жасаған зымыран шабуылдары арқылы Украинадағы 59 нысанды жойғанын, оның арасында АҚШ пен Еуропа елдерінен көмекке берілген қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймалары да бар екенін айтты. Осымен бір уақытта БҰҰ мәлімдеме жасап, Мәскеу мен Киевтегі халықаралық қауымдастық өкілдері ұйымның бас хатшысы Гутерриш пен Ресей президенті Путин арасында қол жеткізген келісімнің орындалуын қадағалап жатқанын хабарлады.
БҰҰ бас хатшысы мен Ресей президенті ортасындағы келісім Мариупольдегі және «Азовсталь» болат қорту зауытындағы бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға жол ашады деп күтілген. Алайда, қазірге дейін әлем мұндай келісімнің нәтижесін көре қоймады. Гутерриштің баспасөз хатшысы Хаке журналистерге эвакуация бойынша әрекет ету шеңбері бойынша талқылаулар жалғасып жатқанын айтты.
АҚШ пен оның одақтастары сейсенбіде Украина күштерін қолдау және Ресей экономикасына қысымды күшейту үшін жылдам әрі күшті әрекет ететіндерін білдірді. АҚШ Конгресі Украинаға қару-жарақ қолдауын одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік беретін «Ленд-лизинг» актісі – Құрама Шттар қабылдаған жаңа ереже Сенат пен Өкілдер палатасының рұқсатын күтіп отырмастан Украинаға қару-жарақ жөнелтуді қамтамасыз ете алады. Яғни, бұрын әскери қару-жарақ жөнелту шешімі қабылданып, Украинаға жеткізілгенге дейін бірнеше апта уақыт кететін болса, қазір бұл уақыт үш күнге қысқарды.
Ал, мем. хатшы Блинкен және қорғаныс министрі Остиннің Украина президенті Зеленскиймен кездескеннен кейін тараптар бір-біріне не керек екенін және қандай көмектің зәрулігін тіпті де анық түсінгенін Блинкеннің өзі айтты.
Пентагон мәліметіне сай, сәрсенбіге дейін АҚШ-тан Украинаға АҚШ-тың 90 гаубицаның жартысынан көбі жеткізілді және алыс қашықтыққа атылатын артиллерия бойынша жаттығулардың бірінші кезеңі аяқталды. Сәрсенбідегі мәлімдемесінде Пентагон өкілі Кирби Ресейдің бар күшін Украинаның шығысы мен оңтүстігіне бағыттағанын Мәскеудің негізгі стратегиялық мақсатының орындалмауының айқын дәлелі ретінде көрсетті. Әрі, бұндай жағдайда Украинаға АҚШ тарабынан жеткізіліп жатқан әскери қолдаудың маңыздылығы жоғары екенін айтып өткен.
Ресей тарабы батыстық қару-жарақ жиналған нысандарды жойдық дегенімен, АҚШ және оның еуропалық, өзге батыстық одақтастарының Украинаға әскери қолдауы бұрынғыдан да арта түсетіні байқалады.