Бірер күн бұрын АҚШ пен Украина ортасында жоғары деңгейде кездесу өтті. Кездесу қос тараптың жоғары ең жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен өтті. Мемлекеттік хатшы Блинкен бастап келген АҚШ делегациясының құрамында Пентагонның қазіргі жетекшісі Лойт Остин де бар. Ал, оларды қарсы алып шыққан президент Зеленский мен оның үкіметінің СІМ жетекшісі және қорғаныс министрлері болды.

Дәл осы кездесуде АҚШ жоғары лауазымдылары Ресейге қатысты өздерінің нақты мақсаттарын ашық айтқандай болды. Айталық, АҚШ қорғаныс министрі Остин кездесуден кейін Польшада жасаған мәлімдемесінде: «Украина дұрыс қолдау көрсетілсе болып жатқан соғыста жеңіп шығуына зор мүмкіндік бар», – деді, әрі: «Ресей Украинаға басып кірудей әрекетті қайталай алмайтындай деңгейде әлсіреуін үміт етеміз», – деген пікірін айтты.

Бірқатар ірі ақпарат құралдары және ақпарат өкілдері Остиннің осы сөзіне көбірек мән берді. Былайша айтқанда бұл кездесуде АҚШ-тың Ресейді әлсіретуге деген шақыруы бұрынғыдан көрі анық естіле бастады. Бұл жөнінде Пентагон басшысы: «Украинаға көмек беру – бұл бір бөлек те, Ресейді әлсірету – мүлде басқа мәселе», – деп көрсеткен. Оның бұл сөзі Ресей президенті Путиннің шамына тиіп, дүйсенбі күнгі жауабында: «Батыс елдері Ресейді бөлшектеуге әрекет етіп жатыр», – деп айыптады.

АҚШ пен өзге Батыс елдер тарапынан жақын арада 713 миллион АҚШ доллары көлемінде әскери көмек жасалғалы жатыр. АҚШ тарабынан Украинаға жасалатын жаңа әскери көмектің көлемі 332 миллион долларды құайды. Бұл соманы қоссақ, Ресей Украинаға басып кіргеннен бері АҚШ Киевті қолдап 3,7 миллиард доллар көлемінде қаржы шығарды.

Соңғы уақытта Украина президенті Зеленский Батыс елдерінен ұшақтар мен әскери тасымал көліктері көбірек берілетін болса Ресей қарулы күштерін жеңіп шыға алатындарын көбірек айтып келеді. Қазірдің өзінде АҚШ пен Канада Украина қарулы күштеріне 30 шақырымға, тіпті 50 шақырымдағы нысанаға дәл соққы жасайтын артиллериялық құралдарын беріп жатыр. АҚШ пен өзге Батыстың әскери қолдауы күшейген сайын Мәскеу оған қарсы дипломатиялық нота да жолдай бастады.

The Qazaq Times