Бүгін, 31-ші наурыз еліміздегі ең үлкен  оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде  ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы аталап өтті. Екі жыл қатарынан карантинге байланысты  ауқымды деңгейде өткізілмеген мейрам осы жолы жоғары деңгейде  ұйымдастырылған.

Ырыс пен ынтымақтың жаршысына айналған мерекеге орай ҚазҰУ қалашығына 19 үлкен киіз үй құрылып, ұлттық тағамдармен дастархан жайылған. Әр қазақ үйге факультет атауына байланысты атау берген екен. “Журналистер ауылы”, “Заңгерлер ауылы” деген секілді. Әр қазақ үйде факультет ұжымдары, студенттері мерекелік дастархан жайып, көже, бауырсақ пісіріп мерекені жоғары деңгейде тойлап жатыр.

Сонымен қатар мерекелік концерт те ұйымдастырылған. Концертті университет ректоры Ж.Түймебаев ашты. Барша қазақ елін, студенттерді наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ары қарай мерекелік бағдарлама жалғасын тауып, халыққа жақсы көңіл күй сыйлады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен көріністер қойылды. Келін түсіру, бесікке салу дәстүрлерінің мәнін  халыққа қойылым арқылы жеткізуге тырысты. Ары қарай еліміздің әнші-күйшілері ән-күйден шашу шашты. «Алатау серілері» тобы орындаған «Молдабайдың әні» жиналған көпшіліктің көңілінен шықты. Мерекеге келгендердің көңіл күйлері көтеріңкі болып жүр.

Байғаным бойынша наурыз мейрамы жылдан жылға жоғарғы деңгейде тойланып келе жатыр. Жастардың, студенттердің де көңіл күйлері де ерекше. Тіпті шетелден келіп оқып жатқан студенттерде мерекені тойлауға өз үлестерін қосып жүр. Көпшілігі қазақша тақия, кәжекей шапан киіп алған. Әсіресе жай күндері ұлттық ою-өрнектер киіп жүрген жастарды көптеп байқап жүрмін. Бұл әрекеттері әрине көңіл қуантады.

“Наурыз – жыл басы” демекші осы жылымыз дәл бүгінгідей берекелі,жақсы жыл болсын дейміз. Халқымыздың ынтымағы артып,тек жақсы жаңалықтармен қуанып жүре берейік. Наурыз құтты болсын!

Алматы қаласы,

Гүлнұр Әлімжанова