Тағы да оқ атылды. Өткне түнде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қайталай атыс болды. Бұл соңғы бір тәулік ішінде қырғыз-тәжік шекарасындағы екінші оқ атысу.
Қырғыз Шекара қызметі таратқан мәліметке қарағанда оқ атысу 11 наурыз түнкі сағат 02:50-де Баткен-Исфана автодәлізінің Екі-таш деген жерінде болған. Мәліметке қарағанда, осы жерден өтіп бара жатқан қырғызстандық көліктерге тәжік шекарашылары тас лақтырған. Қырғыз шекарашыларының тас лақтыруды тоқтату туралы талабын елемеген. Қырғыз тарап ескерту ретінде аспанға оқ атуға мәжбүр болған. Бұдан кейін тараптар 20 минут бойы бір-бір бірін атқылаған.
Қырғызстан ҰҚМК мәліметіне қарағанда өз тарабынан зардап шеккендер жоқ.
Жағдайды ушықтырмау үшін екі елдің шекара қызметі бір-біріне қоңырау шалып, атысты тоқтатқан. Бұдан кейін атыс болған жерде кездесіп, мәселе бойынша сөйлескен.
Бұл Баткен шекаралық аймақта бір тәулік ішіндегі екінші оқ атысу. Кеше түстен бұрын Тескей деген жерінде тараптар оқ атысып, соңында диалогқа келген болатын. Қазір екі елдің де шекарашылары күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді