
Алматыдағы президент резиденциясы сүріліп тасталып, орнына саябақ салынады. Бұл шешімді президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдағанын оның баспасөз өкілі Берік Уәли мәлімдеді.
ҚР президентінің ресми өкілі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзағылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады», – делінген.