Санкт-Петербурдағы метродағы жарылысты ұйымдастырушы террористің кім екендігі анықталды. Бұл туралы ФҚҚ-нің директоры Александр Бортников мәлімдеді.
Әзірге қауіпсіздік органдары террористің есімін құпияда ұстап отыр. Бірақ нақты табылғандығы белгілі болды.
Бүгінде терактіге қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталған. Сейсенбіде сот қырғызстандықты үшінші маусымға дейін түрмеге жабу туралы үкім шығарған болатын. Аброр Азимов - метродағы терактіні ұйымдастырушылардың бірі болған және тергеу нәтижелеріне сәйкес жанкешті арнайы дайындалған. Сонымен қатар, терактінің негізгі ұйымдастырушының інісі де ұсталды. Оның үйін тінту барысында соғыс гранатасы табылған. Тергеу нәтижелері бойынша, оның халықаралық террористермен байланысы бары және жарылғыш заттар үшін ақша жеткізгендігі анықталған.
"The Qazaq Times"