Ресей мен Украина арасында қақтығыс ақпараттық соғыспен қатар жүріп жатыр. Қос тарап бір-бірінің әскери шығындары туралы ақпараттарды сәт сайын жаңартып, өздерінің ұрыс майданындағы басымдықтарын дәлелдеуге тырысып жатыр.
Ұрыс басталған алғашқы күннің өзінде Уркаина Ресейдің бірқатар әскери техникаларын, әскерлерін жойып немесе қолға түскенін хабарлаған. Мұндай видеолар әлеуметтік желілерге де тараған. Ресей тарабы да бұған қарсы ақпарат таратты.
Бүгін таңертең таратқан Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметінде Украина армиясының шығынын былай деп көрсеткен:
- Әскери әуежайлар – 11
- Байланыс орталықтары мен басқару пункттері – 13
- Зымыран комплекстері – 14
- Радар станциясы – 36
- Соғыс ұшағы – 5
- Тік ұшақ – 1
- Ұшқышсыз ұшу құрылғысы – 5
- Танк және сауытты көліктерден – 18
- Атқылаушы реактивті жүйеден – 7
- Арнайы әскери техникадан – 41
- Соғыс қайықтарынан – 5
Ал, бұдан 12 сағат бұрын Украина жағынан тараған кейбір мәліметтерде Ресей армиясының соғыс шығындарын былай деп көрсетеді:
- Соғыс ұшағынан – 6
- Тікұшақтан – 7
- Танк – 24
- Сауытты әскери техникалардан – 22
Ұрыс әлі де қызу күйде, сондықтан аталмыш мәліметтер сағат сайын жаңарып жатыр. Дегенмен, тараптар бір-бірінің мәліметтері туралы ресми пікір білдірген жоқ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі