Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы уәкілетті орган болып табылады және әрқашан БАҚ өкілдерін қолдау жөніндегі ұстанымдарды ұстанатынын хабарлады.
БАҚ өкілдерін ұстап алудың әрбі жағдайын мұқият тексеретінін білдірген министрлік ҚР аумағында БАҚ өкілдері үшін тиісті айырым белгілері бекітілген Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) қызметінің қағидалары қолданылатын кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма журналистің айырым белгілерінің нысандары болып табылатын айырым белгілерін тағып жүруі кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет екенін ескертті.
Министрлік қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ұстап алудың барлық фактілері бойынша тексеру жүргізіліп, зерделенуде. Ұстап алу фактілерін анықтаудағы негізгі проблемалар журналистерде айырым белгілерінің болмауы болып табылады, бұл оларға қатысты кәсіби қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат беруде проблема тудырды деп мәлімдеді.
Бұдан басқа, оқиғалардың көрсетілген кезеңінде БАҚ-тың жекелеген өкілдері Қазақстан Республикасында «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңнаманы бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері және тікелей өздерінің кәсіби қызметтерін жүзеге асырмағаны үшін ұсталды деген инистрлік төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарауға және қатаң сақтауға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды жария ету кезінде журналистердің айырым белгілеріне ие болуға шақырады.
Аталған мәселе Министрліктің тұрақты бақылауында екендігі айтылды.