Қазіргі геосаяси жағдайлардың тұрғысынан алғанда қаңтар айында өткелі тұрған АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздің маңызы айрықша. Бұнда Уашингтон мен Мәскеу ядролық қаруды бақылау және Укарина мәселесі, НАТО-ны әрекеті секілді өзекті тақырыптарды талқылайды. Келісімге келу-келмей қазіргі геосаяси шиеленістен шығу-шықпауды белгілемек.

Ақ үй таратқан мәліметте кездесудің уақыты тұрақтанған, тараптар 10 қаңтарды белгілескен. Мәскеу НАТО мүшелерімен бөлек отырып сөйлесетінін айтқан, бұл кездесу 12 қаңтарға қойылған.  Ал, 13-і күні Ресей, АҚШ және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына мүше басқа елдердің отырысы өтеді.

Келіссөз туралы мәлімет берген АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі келіссөзде тараптар бір-біріне қатысты өз алаңдаушылықтарын, талаптарын ашық ортаға салатынын айтты. Егер тараптар қандайда бір келісімге келіп жатса бұл тарихи келісімнің біріне айналып қалуы да ғажап емес, үйтетіні қазіргі Еуропаның шығысындағы жағдай сәл қалт етсе тарихи өзгерістерге аунап түсудің алдында ғана тұн.

Ақ үй баспасөз өкілі болса АҚШ пен Ресейдің келіссөзі ешқандай да Украина тағдырын сыртынан шешу емес деп қосымшалады. Байден Украинаға қатысты қолдауын, ұстанымын келіссөз алдында тағы бір ірет нақтылап көрсетуге тырысып жатқанға ұқсайды. Алдағы келіссөз тағдары да қазіргі тараптардың кезектескен қадамдарына да қатысты болады.

The Qazaq Times