Польша мен Беларусь шекарасындағы босқындар дағдарысы аймақтағы қауіпті үлкен қарсыласуға, геосаяси теке-тіреске айналып кете жаздап шақ қалған-ды. Босқындарды мақсатты пайдаланған деген айыппен Еуропа Одағы Лукашенко билігін қатаң сынға алған еді. Нәтижесінде Ирак бастаған елдер ЕО-мен келісіп, босқын азаматтарын кері қайтарды.
Өткен аптаның соңында Ирак Сыртқы істер министрлігі елге 417 азаматын Беларусь жерінен кері қайтарғанын мәлімдеген. Бір күн бұрынғы мәлімдемесінде Ирак СІМ баспасөз өкілі Ахмет Саххаф осыған дейін Беларусь жерінен елге қайтарылған Ирак азаматтарының саны 3556-ға жеткенін хабарлады.
Соғыстан кейін тұралаған экономика мен нашар әлеуметтік жағдайға байланысты Ирактан жылына мыңдаған адам дамыған Батыс елдеріне қоныс аударуға тырысады. Жаз және күз айларында Беларусь билігі туристік компаниялар мен өзінің Орта Шығыс елдеріндегі елшілік, консулдықтары арқылы босқындарды еліне жеткізген деген айыпты арқалап отыр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр