Алматы облсын 7 жыл бойы басқарып, қанша уағда етседе аудан атын өзгерте алмай кеткен Баталовтың орнына ендлі бұрыеғы энергетика министрі Қанат Бозымбаев келді. Облыс басына келген жаңа басшыдан жергілікті жұрт пен қатар ел алдынғағы азаматтарда аудан атын өзгерту мәселесін көтеріп жатыр. Осы орайда аталмыш ауданның құрметті азаматы, Қ.Р. Білім саласың ардагері, Аудандық мәслихат депутаты, "Ұрпақ парызы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнет Керімқұловтың ФБ-дағы жазбасын ұсынып отырмыз.
Құрметті Қанат Алдабергенұлы!
Облысымызға басқан қадамыңыз құтты болсын!
Біздің ауданға ат басын бұра қалған жағдайда алдыңыздан шығатын алғашқы сұрақ: Ауданның "Ұйғыр" атын "Қарадала" деп, өзгерту жайында болатынына иманымыз кәміл.
Иә, бұл өзгеріс не үшін қажет?
- Әуелі, сонау Сақтардан қалған салтымыздың салтанат құруы үшін;
- екіншіден, Ғұндардан қалған ғұрпымыздың ғұмырлы болуы үшін;
- үшіншіден Үйсіннен мұра үрдістің үкіленуі үшін;
- төртінші, Түркіден тұмар тегіміздің тегеурінділігі үшін;
- бесінші, күні кешегі Алаш арыстарының армандарын Ақиқатқа айналдыру үшін, ең бастысы тарихи әділеттіліктің жүзеге асуы үшін қажет.
- Қарадала тұрғындарының болашақтағы кикілжіңсіз өмір сүруі үшін қажет.
- Жас ұрпақтың санасы жат пиғылмен ластанбауы үшін керек.
- Татулыққа таяқ лақтырғысы келетіндердің ауыздарына құм құю үшін қажет.
- Қордай қақтығысының қайталанбауы үшін қажет.
- Пенжім оқиғасының орын алмауы үшін қажет.
- Еліміздің еңселі, еріміздің белсенді, жеріміздің жемісті, ұрпағымыздың келісті болуы үшін қажет.
Ауданымызда бұған қарсы болатын пенде жоқ. Бұл іске қарсы болу Қазақ елінің ТӘУЕЛСІЗДІГІН, ЕГЕМЕНДІГІН мойындамау деген сөз.
Ондай жат пиғылды адамдарға біздің мемлекетімізде орын жоқ!
Меніңше, бұл істе биліктің бір ғана батыл қадамы жетеді.
- Озбыр орыстың 300 жылдық құлдығынан, сұрқия Советтің-70 жылдық жендеттігінен құтылған Тәуелсіздігінің 30-жылдық торқалы тойын жеріміздің тарихи атауы ҚАРАДАЛА-мен қарсы ала алмасақ оның несі ТӘУЕЛСІЗДІК?
Қадірлі Қанат Алдабергенұлы!
Осы ұлт рухын жаңғыртатын киелі де қасиетті миссияны, тарихи Ақиқатты жүзеге асыру үшін Алла-Тағала біздің облыстың тізгінін сізге ұстатқанына сенімдімін.
Жәнет Керімқұлов, Ауданның құрметті азаматы,
Қ.Р. Білім саласың ардагері, Аудандық мәслихат депутаты,
"Ұрпақ парызы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы