Иран өзінің ядролық бағдарламалары шоғырланған Натанз қаласының үстінде зениттік зымыран ұшырды. Бұл туралы сол елдің мемлекеттік телеарналары хабар таратты.
Елдің мемлекеттік арналары хабарында, әуе қорғаныс күштері Натанз қаласының кеңістігінде жедел әрекет ету бойынша әуе қорғаныс жаттығуын жасап жатқанын айтқан.
Әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар қатты жарылыс дауысын естігенін жазған. Иран қарулы күштерінің баспасөз өкілі Шаһин Тақихани мәлімдеме жасап: «Жаттығу толықтай қауіпсіз күйде өткізілді, алаңдауға негіз жоқ», – деп түсіндірген.
Дегенмен, елдегі кейбір ақпарат құралдары Натанз қаласында үлкен жарылыс болғанын хабарлаған еді, бірақ оқиғаға қатысты нақты түсінік беріліген жоқ.
Қарулы күштері әуе қорғаныс сынағы өткізілгені айтылғанымен, жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жарылыс қаупінен алаңдаған пікірлерді де жазды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау