Коронавирус індетінің қайта өршіп, Еуропа елдері карантиндік шектеулерді күшейте бастады. Алайда, бұл еуропалық азаматтар жағынан күшті қарсылыққа себеп болды, Еуропа Одағына мүше бірқатар елдерде наразылық акциясы болып жатыр. Соның бірі Белгия астанасы Брюссельдегі наразылық шарасында он мыңдаған адам қатысты.
Індет жұқтырғандардың көбейгеніне байланысты үкіметтер емдеуден өтпеген азаматтарға ресторан, барларға кіруге шектеу кіргізген. Азаматтар бұндай шектеу шарасына наразылық танытты. Наразылардың әрекетінен кейін полиция оларға көзден жас ағызатын газ бен су шалуға мәжбүр болған.
Брюссельдегі наразылық шарасынан бұрын дәл осындай ауқымды наразылық Нидерландта болып еді. Гагадағы наразылықта демонстранттар полицияны ығыстырып, жанғыз заттарды лақтырған.
Бұған ұқсас мыңдаған адам қатысқан наразылық шерулері Австрияда, Хорватияда, Италияда да болды. Еуропалық үкіметтер ЕО елдерінде бірінен кейін бірі болып жатқан наразылық шараларын күтпегенін мойындап отыр.
Кей жерде полиция мен наразы топ арасында қақтығыстар да болды. Алайда, мәселені тереңдетпеу үшін кей еуропалық үкіметтер наразылық шарасына полиция араластырмауға да шешім қабылдады. Брюссельдегі наразылық шарасынан кейін бұл да дұрыс шешім болмағаны байқалды. Наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласып кеткен жайттерде орын алған.