Қараша айының бірінші жартысында Алматыда 2276 адамның талдауынан коронавирус анықталған, тағы 59 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Қазір қалада 2 мыңнан аса тұрғын емделіп жатыр. Өткен айда саны айтарлықтай қысқарған ауруханалардағы төсек-орын қорының 42%-ында науқастар бар.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте, 15 қарашада тіркелген 114 адамның 111-і симптом белгілерімен, тағы үшеуі симптомсыз. Сонымен қоса, дүйсенбі күні 72 адам ауруханаға жатқызылған.

Жалпы қалада сыйымдылығы 1774 орын болатын инфекциялық стационарларда 748 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 18 бала төсекке таңылған. Ал реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінде 81 науқас жатыр. 14 адам ӨЖЖ, 40 науқас инвазивті емес ӨЖЖ және 18 сырқат High flow аппаратымен тыныстап жатыр. Сондай-ақ, БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 1,2 мың науқас амбулаторлық деңгейде бақылауға алынған.

Жексенбіде екі адам коронавирус пен оған ұқсас пневмониядан қайтыс болған. Қазан айында 173, қараша айы басталғалы 43 алматылық осы дерттен көз жұмған.

Бақсарма мәліметінше, Алматы қаласында биыл ақпаннан бері 1 млн 11 мыңнан адам екпенің алғашқы, оның ішінде 951 мыңы толық дозасын алған. Оның 121 мыңы 60 жастан асқан азаматтар. Қазір 132 егу пункті мен 205 егу бригадасында 733 медқызметкер жұмыс істейді.

The Qazaq Times