Қытайдың Тайуанға (Тайвань) қаратқан қысымы күшейіп тұрған тұста Еуропарламент Тайуанға алғаш рет ресми делегациясын жіберді. Тайбейге сапарлай барды. Тіпті, Еуропа Одағы Тайуанға тиісті қолдау көрсететін білдірген делегация жетекшісі «Сіздер жалғыз емессіздер» деп кетті.
Кеше, Еуропарламенттегі Демократиялық үдерістерге сыртқы араласуды зерттейтін арнайы комитет делегациясы Тайуан президенті Цай Йың Вын ханыммен кездесті. Кездесуде президент Цай Еуропарламенттен келген алғашқы делегацияның сапары аса маңызды мәнге ие екенін атап өтті.
Делегация жетекшісі Францияның Еуропалық Парламенттегі мүшесі Рафаэль Глюксман Цай ханымға: «Біз мұнда өте қарапайым және өте айқын хабармен келдік – сіздер жалғыз емессіздер, Еуропа сіздермен бірге», – деген пікірін жеткізді.
Бейжің билігі Тайуанды «Үлкен Қытай» құрамына біріктіретін бір провинция ретінде қарастырады. Осы негізде Тайбейді дипломатиялық оқшаулау үшін өзінің қуатты экономикалық, әскери және дипломатиялық күшін пайдаланып келеді толассыз қысым түсіріп келеді. Бірақ, Тайуан бар күшін салып өзінің сырт әлеммен дипломатиялық байланыстарын сақтап қалуға тырысуда.
Тайуанға ресми делегация жіберуі ЕО мен Қытай қатынасының қазіргі жағдайын айқындайтын көрсеткіш. Өткен айда Еуропарламент алғаш рет «ЕО-Тайуан саяси қарым-қатынастары мен ынтымақтастығы» баяндамасын қабылдап, Тайуанмен қарым-қатынасын жақсартуды, соның ішінде Тайуанның Еуропадағы «Экономикалық және сауда кеңсесін» «ЕО-Тайуан кеңсесі» деп өзгертуді және екі жақты ынтымақтастықты бастауды ұсынды. Бұл инвестициялық келісімдерге де жол ашатын маңызды құжат ретінде бағаланды.
Әрине, Еуропалық Парламенттік Тайуанға делегация жіберуі Бейжіңнің қитығына тиері сөзссіз. Қытай СІМ тарабы бірден реакция танытып, «Еуропарламенттің әрекеті халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын, «бір Қытай принципін» өрескел бұзды және Еуропалық Одақтың Тайуан мәселесіне қатысты қоғамдық міндеттемелеріне қайшылық жасады. Бұл әрекеттің сипаты мен келтіретін әсері өте нашар болады», – деп мәлімдеді. Әрі, Қытай тарабы Еуропарламентінің бұл әрекетіне «түбегейлі қарсы екенін» айтты.