"Шаңырақ ісі" бойынша 15 жылдан бері түрмеде отырған диссидент-ақын Арон Атабек бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Sud.kz сайты хабарлады.
Арон Атабектің қазір нақты қайда екені белгісіз. Sud.kz сайтындағы хабарламаға қарағанда, 1 қазанында Павлодар қаласы №2 соты Арон Атабекті мерзімінен бұрын босатуға үкім еткен.
Ресми ақпарат бойынша, Арон Атабек емделмейтін ауруға - «М50.0. Омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен зақымдалуы (G99.2). М50.1. Жұлынның мойын бөлімі деңгейіндегі дегенеративті-демиелинизирлеуші ауруы шалдыққан.
«Заң талаптарына сәйкес, (ҚК-тің 75 бабының 2 бөлігі), өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн. Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды" делінген Sud.kz сайтындағы хабарламада.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы