Қытайлық Baidu Inc (Baidu.百度) компаниясы автоматты көлік жүргізу құрылғысы орнатылған автокөлікті базарға салып, осыдан бұрын мұндай көліктер өндірген General Motors, Google, Alphabet тағы басқа да кәсіпорындармен бәсекелестік орнататындығын жариялады.

Baidu көлігі. Фото: The Wall Street Journal
Қытайдағы танымал ақпарат құралдарының сұхбатын қабылдаған Baidu корпорациясының президенті Лю Чи (Liu Qi): «Baidu автокөлігінің бағдарламалық жоспарын аяқтау алдында тұрмыз. Көліктік бақылау және пайдалану жүйелерінің функциясын, техникалық сыйымдылығы барынша жоғары деңгейге жеткізуге тырыстық. Алдағы уақытта базарға салынғанда көретін боласыздар – Baidu автоматты жүргізу жүйесі бар автокөліктері бұл түрдегі жаңа технологияның дамуына зор үлес қосқанын дәлелдейді», – деді.
Қазіргі кезде қызмет өтеу түрімен табысқа жеткен компаниялар болашақ даму жолын өндіруші орынға айналудан, соның ішінде жаңа технологияларды өндіруге басымдық беруде. Себебі, жаңа технологияның болашағы жарқын, оның үстіне қалыптасқан құрал-жабдықтар секілді мызғымас жүйесы қалыптасып үлгермеген. Жасау құқығы да автокөліктер секілді жекелеген елдерде емес. Осы негізде Google, Alphabet, Baidu, Waymo қатарлы компаниялар ірі кәсіпорындарға айналып келеді.
The Qazaq Times


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау