Бұрынғы президент Дональд Трамптың қызыметінен кетер алдында Қытайға шабуыл жасауға бұйрық беруінен алаңдаған АҚШ-тың жоғары әскери генералы Қытайға екі рет хабарлама жолдаған. Онда АҚШ-тың Қытайға шабуыл жасамайтынын, шабуыл болған күнде де алдын ала ескертілетінін жеткізуге тырысқан.
Құрама Штаттардың жоғары әскери генералы және Штаб басқармасының біріккен төрағасы Марк Миллидің бұл әрекеті қос партиядағы конгресмендер арасында түрлі пікір туғызды. Тіпті арасында Сенатор Рубио сейсенбіде президент Байденге хат жіберіп, Миллиді қызметінен алып тастауды сұрады.
Бұндай мәліметті Washington Post басылымы бірінші болып жариялады. Себебі, басылымның аға авторлары Боб Вудворд пен Роберт Костаның бірігіп құрастырған «Периль» атты жаңа кітабында егжей-тегжейлі баяндалған. Кітап келесі аптада оқырмандарға таралмақ.
Аталған репортерлердің жинаған мәліметіне қарағанда, Генерал Милли 2020 жылы президент сайлауына төрт күн қалғанда, яғни 30 қазанында бір рет, және Трамп жақтастары Капитолийге басып кірген оқиғасынан екі күн өткеннен кейін екінші рет Қытайлық әріптестеріне қоңырау соғып, Құрама Штаттың тұрақты күйде екенін, ҚКП-ына бағытталған шабуыл туралы шешім жоқ екенін ескерткен.
Аталған екі автор да Құрама Штат билігіне қатысты тосын деректерді жинаумен аты шыққан танымал авторлар. Әсіресе Боб Вудворд Трамп әкімшілігіне қатысты кезекті еңбегін қосқанда Ақ үй мен Капитолий, Пентагон арасындағы мәселелерді тақырып еткен 20 кітап жазған. 2014 жылдан бері Роберт Костамен бірлесіп жұмыс істеп келеді.
Дональд Трамптың ұлы Дональд Джордж өзінің «Твиттер» парақшасына генерал Миллидің әрекетін айыптаған жазба жариялады. Онда Миллидің әрекеті расталатын болса, бұл Капитолийге шабуыл жасағандардан да асып түсетін сатқындық, опасыздық деп көрсеткен.
Ал, генерал Марк Милли болса Конгресс алдында жауап беруден баст тартқан.