"Ауғанстан катастрофаның алдында тұр" деп ескерткен халықаралық қауымдастық Ауғанстанға 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі көмек берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы халықаралық қауымдастықтың Женева қаласында өткен отырысында хабарланды.
Халықаралық қауымдастық білдіргендей, Ауғанстан жойқын әлеуметтік дағдарыстың алдында тұр. Тәліптер билікке келгеніне көп болмады, елдің онсызда әрең тұрған экономикасы, сыртқы активтерінің бұғатталуы, соғыстың зардабынан кейінгі тұралаған шаруашылықтарды молдалардың жаңа билігі бірден реттеп кете алмайтыны белгілі. Егер оған дер кезінде тиісті көмек берілмесе 35 миллионға жуық халық саны бар Ауғанстан Орта Азияны қамтыған бірқатар мемлекеттер мен аймақтарға босқындар легін алып келуі ғажап емес.
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша халықаралық қауымдастық қазірге дейін 606 млн доллар дайындады, осының өзі миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға жәрдемін бермек.
БҰҰ тарабы "Талибанды" халықаралық қауымдастық көмеген қабылдау үшін БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек миссиясымен қарым-қатынасты тұрақтандыруға шақырды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы