Үндістанның солтүстік штаттарында балалар мен жас нәрестелер дене температурасының көтерілуінен көптеп қаза табуда. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарына қарағанда бұндай жағдайға бір аптадан аса уақыт болған.
Мәліметтреге қарағанда елдің солтүстігіндегі Уаттар Прадеш штатында жағдай ең ауыр. Балалар таңертең оянғанда дене температурасы көтеріліп, дел-сал күйде терлеп жатады. Олардың көпшілігінде буындары мен басы ауыру, іші өту және құсу секілді белгілер бар. Кей жағдайда қол-аяқтары қызарып бөртеді.
Соңғы бір аптада кем дегенде 50 адам осындай жағдайда қаза тапқан. Оның басым көбі балалар екені назар аудартуда. Емханаларда осындай сырқатқа тап болған жүздеген балалар бар. Бірақ, қаза болғандардың бір де бірінен Covid-19 вирусы анықталмаған.
Үндістан коронавирус пандемиясының екінші толқынынан зардап тартып жатқанда осындай «түсініксіз» дерт ел халқын үрейлендіріп жатқанын көптеген ақпарат құралдары жазып жатыр. Қазірге бұл дерттің нақты неден пайда болатыны анық емес. Тек, Үндістанда ең көп зардап шеккен Агра, Матхура, Майнпури, Этах, Касганж және Фирузабад аймақтарындағы дәрігерлердің айтуынша бұндай ауру шіркейлер арқылы тарап жатқан болуы мүмкін.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы