Кеше, 15 тамызда Жамбыл облысы Меркі ауданы тауларында жауған қар аралас жаңбыр салдарынан Аспара-Шу автожолы мен Тараз-Шу теміржол көпірін тіреп тұрған бағаналар шайылып кетті. Осыған байланысты 15 тамызда пойыз қозғалысы тоқтатылған.
"Қазақстан темір жолы" АҚ-ның хабарлауынша, түнгі сағат 02.15-те бір бағыт бойынша пойыз қозғалысы ашылды. Қарсы қозғалыс таңғы сағат 8.20-да іске қосылды.
"Қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарына арнайы темір жол және автотракторлық техника, темір жол көлігінің 75 қызметкері жұмылдырылды" деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ.
Сел салдарынан қандай шығын болғаны әлі хабарланбады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы