Алматы қаласында эпиджағдай нашарлап тұр. Эпидемиологтардың мәліметінше, қоғамдық көлік – инфекцияны жұқтыратыны негізгі бес орынныңың бірі (жұқтыру 16,8%). Сондықтан Алматы қаласы аудан әкімдіктері жанынан құрылған мониторинг топтары маска режимінің сақталуын бақылайды.
Ресми мәліметке қарағанда, әкімдік, жергілікті полиция қызметі және «Бақылау-тексеру басқармасы» желілік қызметінің мамандарынан құрылған мониторинг топтары қоғамдық көліктердегі маска режимінің сақталуын тексереді.
Баспасөз қызметі таратқан хабарламада 9 тамызда ішінде 112 автобус пен троллейбус тексерілгені айтылады. Дүйсенбі күні ереже бұзылған автобус маршуттары: 1, 98, 32, 123, 79, 11, 9, 45, 22, 135, 105, 201, 7, 126, 60, 114, 25, 5, 5В, 29, 65, 37, 205, 224, 20, 148, 38, 62, 210, 45, 18. Бетперде режимін бұзған 22 жеке тұлғаға айыппұл салынды, барлық жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мамандар аурушаңдықты азайту үшін тұрғындарды жұрт көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте қауіпсіздік шараларын, маска режимін сақтауға шақырады.
Мониторинг топтары қоғамдық көліктен басқа көпшілікке арналған тамақтану, дүкендер мен ел топтасатын нысандарды тексеруді жалғастыруда. Мобильді топтардың мәліметі бойынша, жыл басынан бері 1150-ден астам мейрамхана, кафе мен дүкенде, 171 компьютерлік клубтарда, 21 бильярд клубында, 5 спа-салонында, 31 саунада, 2 кальян залында, 54 караокеде карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. Карантин ережесін бұзған 3300-ден астам адам тергеу үшін полицияға жеткізілді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел