Қазақстанда коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны шамамен 8,2 мыңға артып, жалпы есебі 720 мыңнан асты. Тек шілде айында 154 мың адам сырқаттанып, 1932 адам (КВИ+ 1644, КВИ- 288) қайтыс болған. Шілде айының ортасына қарай тәуліктік көрсеткіші 5 мыңның үстіне шыққан індеттің төртінші толқынында қазір кемінде 7 мың жағдай тіркеліп жатыр. Тамыз айының алғашқы декадасында 79 мыңнан аса сырқат тіркеліп, 1269 адам көз жұмды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, елде 10 тамызда коронавирус (КВИ+) жұққан 7657 адам, ал 9-ы күні коронавирус пневмониясына (КВИ-) шалдыққан 588 адам тіркелді және апта басында 154 қазақстандық аурудан қайтыс болды. Қазір елде 112 мыңнан аса адам (КВИ+ бойынша 108 мың, КВИ- бойынша 4 мың) ауырып жатыр.
#COVID Өткен күні ПТР тесті арқылы коронавирус жұққаны расталған науқастар қатары тағы артты. Олардың басым бөлігі әдеттегідей мыңнан жоғары динамикада тұрған Алматы (1493) және астана (1153) қалаларынан. Бұдан өзге Қарағанды (1125), Атырау (618), Шымкент (574) эпидахуал тіпті нашарлай түскен. Алматы (350), Ақтөбе (304), Павлодар (291), Ақмола (265), Қостанай (257), ШҚО (228), Маңғыстау (212), Қызылорда (218), Жамбыл (140), СҚО (157), БҚО (156), Түркістан (116) облыстарында дерт үдеп тұр. Осы сейсенбіде аурудан айыққан 7521 адам үйіне шығарылған. Дүйсенбіде жиыны 130 адам қайтыс болған.
#COVID_пневмониясы Тамыздың 9-ы, дүйсенбіде ақпараты бір тәулікке кешігіп берілетін коронавирус пневмониясына шалдыққан 588 науқас есепке алынды. Ведомство дерегінше, сейсенбі күні сырқаттар Шымкент (139) қаласы және Жамбыл (72), Маңғыстау (65), Түркістан (55), Атырау (48), Алматы (37), Қостанай (31) облыстарында көптеп анықталған. Сонымен қоса, 201 адам айығып шыққан, тағы 24 адам көз жұмған.
#Жалпы ДенМин дерегіне қарағанда, емделіп жатқан 112,8 мың науқастың 30 мыңы ауруханада, 82,5 мыңы амбулаторлық бақылауда. 1808 науқастың жағдайы нашар, ондағы 451 адамның хәлі өте ауыр. Бұдан өзге 215 сырқат өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатыр.
Эпидкартада Қазақстанның барлық өңірі тұтастай «қызыл аймақта» тұр.
ДенМин хабарынша, 11 наурыз бен 12 шілде аралығында ПТР тесті оң көрсеткен 1311 сынама секвенирленген (штамм түрін анықтайтын талдау). Сәйкесінше, биыл көктем-жазда геномдық зерттеу нәтижесінде елдің басым бөлігінен вирустың бразилиялық, британдық, оңтүстікафрикалық және үндістандық штамдары анықталған.
Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 656 мыңнан, 1 тамыздан былайғы коронавирус пневмониясы 64 мыңнан асқан. ДДСҰ дерекқоры мен Ұлттық статистикада Қазақстанда ауырғандар саны 720 мыңға жетті. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді.
Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардан 13,6 мың адам (КВИ+ / U07.1 – 7103, КВИ- / U07.2 – 3949, ілеспе аурулардан – 2633) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінгендерді жалпы статистикаға енгізбейді. Бұған қарсы сарапшылардың сөзіне қарағанда, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.
Қазақстан вирус таралуы бойынша әлемде Джонс Хопкинс университеті және ДДСҰ тізіміндегі 221 ел мен аймақтың арасында 41-орынға орнықты.
Үкіметтің соңғы дерегіне қарағанда, Қазақстанда 4,5 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған, ал кемінде бірінші дозасы егілген жұрттың саны 5,8 млн шамасында.