Алматы қаласында төртінші толқын қаупі арта бастады. Қазір резервтегі төсек-орында қоса есептегенде 64% орын толған.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте тіркелген 1486 адамның 1405-інде симптом белгілерімен, тағы 81 адам симптомсыз түрде тіркелген. 9 тамызда 641 адам ауруханаға жатқызылған. Бұл шілде айындағы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.
Жалпы қалада сыйымдылығы 8230 орын болатын инфекциялық стационарларда 5259 адам емделіп жатыр. Төсекке таңылған балалардың саны күрт артып 217-ге жетті. Ал реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінде 403 науқас жатыр. 58 адам ӨЖЖ, 168 науқас инвазивті емес ӨЖЖ-ымен және 153 сырқат High flow аппаратымен тыныстап жатыр. Сондай-ақ, БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 11 632 науқас амбулаторлық деңгейде бақылауға алынған.
Ресми дерекке қарағанда, жалпыхалықтық вакцинациялау науқаны басталғалы, яғни ақпан айынан бері мегаполисте 612 мың адам екпенің толық дозасын алған. Әкімдік мәліметінше, әзірге 160 егу пункті мен 237 егу бригадасында 1028 медқызметкер жұмыс істейді.
Осыған дейін бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин бір күнде ауруханаға жатқызылғандар саны 500-ден асса, қалада локдаун күшейтіліп, блок-бекет қойылатыны туралы наурыз айындағы критерийді қазір күшін жойғанын мәлімдеген.
Алматыда пандемия кезінде коронавирус пен пневмония сырқаттарының қатары 120 мыңға (113 мыңы КВИ+, 6 мыңы КВИ-) жуықтады. Бекшиннің болжауынша, шілде айында басталған төртінші толқынның шарықтау шегі алдағы бірер күнде өтеді.
Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 649 мыңнан, 1 тамыздан былайғы коронавирус пневмониясы 63 мыңнан асқан. ДДСҰ дерекқоры мен Ұлттық статистикада Қазақстанда ауырғандар саны 712 мыңға жетті. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді. Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардан 13,5 мың адам (КВИ+ / U07.1 – 6973, КВИ- / U07.2 – 3925, ілеспе аурулардан – 2633) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінгендерді жалпы статистикаға енгізбейді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді