Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ДенМин бірлесіп, тамыз және қыркүйек айларына арналған болжамын жариялады. Басқарма жетекшісі Нариман Табынбаевтың айтуынша, эпидахуал жағымсыз сценарийге ауса, тамыз айында 34 500 адам ауыруы мүмкін.
Сейсенбі күні қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табынбаев министрлік пен басқарма бірге дайындаған 30 қыркүйекке дейінгі аралыққа арналған ресми болжамын мәлімдеді.
– Негізгі болжамға сәйкес, төртінші толқынның шарықтау шегі тамыз айының бірінші онкүндігінде болады, тәулігіне 1600-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі. Пессимистік болжамда індеттің өршу кезеңі 10-11 тамызға тұс келетіні көрсетілген, бұл күндері күніне 1900-ге дейін науқас анықталуы ғажап емес. Тамызда 34,5 мың, қыркүйекте 4,5 мың адам ауыруы ықтимал. Күзге қарай дерттің беті бәсеңдеп, қарқыны төмендейді, – деді.
Басқарма басшының мәлімдеуінше, Алматыда коронавирусқа шалдыққандардың арасында ауруханаға жатқызылып жатқандары едәуір артқан. Тәулігіне 400 шақты адам төсекке таңылып отыр. Сонымен қоса, үйде емделіп жатқан науқастар қатары 5 есеге өскен. Жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңырау саны 2700-ге жеткен. Шілде айында ЖРВИ, коронвирус және пневмония аурулары бойынша қоңыраулар екі есеге көбейген.
«7 мың инфекциялық төсек дайындалды. Резервте қосымша 3000 төсек-орын әзір тұр. Эпидахуал нашарлай қалған жағдайда керек болар деген мақсатта 2 мың орын іздестіріліп жатыр. Бүгінгі дерекке сай, 6,4 мың орынды төсек жүктемесінде 3827 науқас емделуде, оның 239-ы бала. Ондағы 114 сырқат аса ауыр және 956 адамның хәлі ауыр жағдайда. Жұқпалы аурулар стационарларындың реанимация бөлімінде 500 орын болса, қазіргі кезде оның жүктеме 52%-ы толған», – деді Табынбаев ресми баяндамасында.
Қалада жыл басынан бері тек коронавирустың өзінен (ковид пневмониясын есептемегенде) 703 адам қайтыс болған. Екпенің кемінде бір дозасын алған тұрғындар 768 мыңнан асса, толық доза алғандар 500 мыңға жуықтаған.
Табынбаевтің дерегіне қарағанда, қазіргі таңда науқастарды емдеуге 6 мыңнан аса медқызметкер жұмылдырылған. Резервте тағы 1700 маман бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді