Осы аптада Катарда Ауғанстан жағдайын тақырып еткен екі бірдей халықаралық конференция өтеді. Жиынның басты маңқсаты – Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» ортасындағы бейбітшілік келіссөзін қалпына келтіру және қақтығыс жағдайы бақылаудан шығып кетпей тұрып келісімге келу жолдарын қарастыру.
Ертең, яғни10 маусым күні Катар орталығы Доха қаласында Ауғанстанмен көршілес елдердің кездесуі өтеді. Ауғанстанмен көршілес елдерден тыс БҰҰ, АҚШ және Ресей өкілдері қатыстырылады.
Ал, ертесі сәрсенбіде «Кеңейтілген үштік» конференциясы өтеді. Онда АҚШ-тың, Қытайдың, Ресейдің және Пәкістанның Ауғанстан ісі жөніндегі арнайы өкілдері бас қосады. Ауғанстан мәселесі бойынша аталған «Кеңейтілген үштік» конференциясы Мәскеу тарабынан ұмысдастырылған. Негізіген Ауғанстан мәселесін саяси жолмен реттеу, қақтығысты жан-жақты және ұзақ мерзімге тоқтату жолдарын қарастырады.
Пәкістан СІМ-і берген деректерге сілтеме жасаған «Америка дауысы» сәрсенбідегі отырыста алдымен тараптар консултацияға орын беретінін хабарлаған болатын. Ал, одан кейін Дохадағы ауған үкіметі мен «Талибан» өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізбек. Былайша айтқанда мәселені алдымен Ресей, Қытай, АҚШ және Пәкістан өкілдері өзара талқыласып, тараптардың мүдделері туралы ортақ түсінік табысады. Содан кейін ғана ауғанстандық қос тарап қатысқан келіссөз отырысын өткізеді.
Тағы да сол Пәкістан СІМ мәлімдемесіне қарағанда, бұл екі кездесуден Ауғанстанда қақтығысып жатқан екі тарап «ортақ нүктені көретін болады». Яғни, қос тарап та мүдделі ортақ мәселелер бойынша пікір бірлігіне келеді деп күтуге болады екен.
Конференцияға қатысатын барлық тараптың өкілдері осыған дейін өз елдерінің Ауғанстан мәселесін бейбіт жолмен, қарусыз тек саяси жолды таңдай отырып шешу керектігін айтып келген. Ауғанстанды тақырып етіп бұған дейін де мыңдаған отырыстар өткені де белгілі. Бірақ, державалар арасындағы мүдде қайшылығы түйіліскен жерде бейтішіліктің оңайлықпен қалпына келмейтінін бұған дейінгі жағдайлардан көріп отырмыз.