Ауғанстанда «Талибан» ұйымы қарулы операцияларын жалғастыруда. Елдің Кабулдан кейінгі ірі қалалары мен стратегиялық маңызды аймақтарына шабуылдарын жиілетті. Бұған қоса Тәжікстан және Түркіменстанға шекаралас аймақтарда да белсенді әрекет етуде.
Өткен жұмада тәліптер Құндыз қаласын басып алуға әрекет еткен. Құндыз провинциясының ресмилері таратқан мәліметкен қарағанда, қақтғыстан 11 бейбіт тұрған қаза тауып, 40-тан астам адам жарақат алған. Тәліптер Құндыздың кейбір аумақтарын өз бақылауына алған.
Ал, ресмилермен қатар «Талибан» тарабы да мәлімдеме таратып, «аймақтың басым аумағына бақылау орнатқанын» айтты. Бұдан тыс тәліптер елдің солтүстігіндегі стратегиялық маңызды аймақ саналатын Жүзжан (Джузджан) провинциясының орталығы Шибирган қаласына бақылау орнатқан.
Тәліптер Ауғанстанның Пәкістан және Иранмен шекараласатын аймақтарнында да маңызды провинцияларды өзіне қаратуға күш салуда. Иран тарабы «Талибанның» қарулы әрекеттерінен кейін елдің шығысындағы Систан-Белужистан шекара бекетін жапқанын мәлімдеді. Бұл туралы демалыс күндері Иранның IRNA агенттігі хабалаған болатын.
Иранмен шекараласатын стратегиялық маңызға ие Нимурз провинциясының Зеренжі (Зерендж) қаласындағы үкімет пен тәліп күштерінің арасындағы қақтығыс Иран билігін алаңдатқан. Иран ақпарат құралдарының мәліметінше, тәліптер аталған қала үшін қақтығыста үкімет күштерінен басымдыңғын көрсеткен.