Өздерін «Ислам мемлекеті» деп атаған лаңкестік топқа қарсы соғысқан халықаралық коалиция екі жыл бұрын Ирак пен Сүрия жерінде жеңіске жеткенін мәлімдеген. Соған қарамастан террорлық ұйымның қалдық күштері өздерінің белсенділігін тоқтатқан емес. Пандемия жағдайынан пайдаланып қарулы лаңкестік топ күш жинап, қатарына жақтастарын көбейтуге тырысті әрі іс-қимыл әдістеріне де өзгерістер енгізді.
Жақында ДАИШ содырлары ұл балалар мен жас өспірімдерді Сүрияның шығысындағы құмды далада жауынгерлік жаттығудан өткізіп жатқаны туралы хабарлар тарады. Мәліметтерге қарағанда бұл балалар мен жасөспірімдерді Сүрияның солтүстік-шығысындағы босқындар лагерінен ұрлап апарған.
Бұған қатысты мәліметті Сүрия мен Ирактағы операцияларына жауапты АҚШ Қорғаныс министрлігінің бас инспекторы сейсенбіде жариялаған. Ол мәліметтер бойынша АҚШ- тың әскери барлау деректеріне сілтеме жасаған.
Сүрияның солтүстік-шығысындағы босқындар лагерлері АҚШ қолдайтын Сүрия демократиялық күштерінің бақылауында. Соған қарамастан ДАИШ өз жақтастарының қатарын толықтыруда босқындар лагерін басты нысана еткен.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы