«Талибан» күштері Ауғанстанның оңтүстік және батысындағы ірі қалаларын үкіметтен тартып алуға күш салып жатыр. Өткен аптаның соңында Герат, Лашкар-Гах және Кандаһар қалаларына талас қақтығыстары қарқынды жүрді.
АҚШ пен НАТО күштері елден тамыз айының соңына дейін кетіп болады. Бұл тұста тәліптер елдегі бақылау көлемін кеңейтуге күш салып жатыр. Тәліптердің қазіргі тебіні Кабул билігіне қауіп төндіріп отыр. «Ислам әмірлігін» құрғысы келетін «Талибан» қозғалысының бұл белсенділігі өңірдегі өзге елдерді де алаңдатады.
Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыста тереңдей түсті. Ауғанстан үкіметінің де қашанға дейін тұрыстық бере алатынын да болжап айту қиын. Ел билігінің тағдыры сынға түсіп жатқанда Ауғанстандағы ірі қалаларды кімнің бақылауға алуы да шешуші мәнге ие мәселеге айналды.
Тәліптер таратқан мәліметтерінде Ауғанстанның жарты аумағын, соның ішінде Иран және Пәкістанмен шекаралас аймақтарды өзіне қаратқанын айтуда. Бірақ, бұл аймақтардағы провинция орталықтары әлі де үкіметтің қарамағында тұр.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы