28 шілде күні АҚШ пен Ресей өкілдері Женевада жолығып, стратегиялық тұрақтылықты талқыламақ. Бұл келіссөз туралы осыдан бұрын екі елдің лилердері арасындағы жүздесуде белгіленген болатын.
Женевада 16 маусымда өткен АҚШ президенті Жо Байден мен РФ президенті Владимир Путин арасындағы алғашқы кездесу кезінде тараптар терең түсіністкке жете алмады. Бұл кездесуде күтілгендей тараптар қандай да бір жаңа келісімдерге де қол жеткізе алмады. Алайда, тараптар екі ел арасындағы ортақ мүдделерді ескере отырып, стратегиялық тұрақтылық туралы келіссөз өткізуге келіскен еді.
28 шілдеде өтетін кездесу де Швейцарияның орталығы Женевада болады. Келіссөз делегацияларын АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман мен Ресей СІМ жетекшісінің орынбасары Сергей Ябков бастап барады.
Келіссөз үстелінде тараптар стратегиялық тұрақтылықты сақтап тұрған келісімдердің уақытын ұзарту, қару-жарақты бақылау және стратегиялық активтерді қадағалау тақырыптарын талқыламақ. Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, екі ел арасындағы қайшылықтың тереңдеп кеткеніне байланысты Уашингтон мен Мәскеу делегаттары бұл кездесуде үлкен нәтижеге қол жеткізе алмайды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес