Германияда елдің батысындағы су тасқынына байланысты әскери апат режимі енгізілді. Апта басында аймақта екі айлық жауынның мөлшері жауып, Рейннің екі саласы – Ар және Мозель және бірнеше кіші өзен арнасынан асқан.
Су тасқыны салдарынан жүзден астам адамның өлімі расталды. Тағы мыңға жуығы хабар- ошарсыз кеткен. Апаттан Солтүстік Рейн-Вестфалия және Рейнланд-Пфальц жерлері зардап шекті. Өңірде құтқарушылар мен 900-ге жуық әскери қызметкер жұмылдырылды.
Арвайлер аймағында төтенше жағдай енгізілген. Билік 1300 адамның ұшты-күйлі жоғалып кеткенін, 60 адамның қаза тапқанын хабарлады. Сондай-ақ өңірде 165 мың тұрғын жарықсыз қалған. Рейн өзені мен оның тармақтарының бойында орналасқан көптеген қалада су тасып жатыр. Тасқын судың құрсауында қалған халық құтқарушыларды үйлердің шатырында күтуге мәжбүр.
Бұл уақытта АҚШ-қа ресми іссапармен кеткен канцлер Ангела Меркель халыққа видеоүндеуінде: «Қазір Вашингтонда жүрсем де бүкіл ойым отанымдағы халқыммен бірге. Қайғы жамылған барлық адамға көңіл айтамын. Бейбіт кезде үлкен қасіретке тап болдық», – деді.
Германиядан бөлек, Нидерланд, Бельгия, Швейцарияның қалаларын да су басты. Қазір тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Синоптиктер жауын-шашын апта соңына дейін жалғасатынын ескертті.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті