Америка Құрама Штаттары өзі бастаған әскери күштерге қызмет еткен (аудармашы, көмекші немесе жол бастаушы болған) ауған азаматтарын эвакуациялауды бастайды. Президент Байденнің бұйрығымен "жақтастарды қорғау" операциясы шілденің соңғы аптасында басталмақ.
"Талибан" күштері елдегі аумағын кеңейтіп жатқан кезде, шетелдік күштерге қызмет еткен ауған азаматтарының өміріне қауіп арта түсті. Тәліптер оларды сатқын ретінде жазалайды деген болжам бар.
"Рейтер" ақпараттық агенттігі аты-жөнін атағысы келмеген америкалық лауазымның мәліметіне сілтеме жасай отырып, бастапқыда 2500 адамның эвакуацияланатынын, олар АҚШ визасын алу бойынша документтері қаралып болғанға дейін АҚШ немесе үшінші елдің әскери мекемелерінде болатынын жазған.
Естеріңізде болса, 9 мың ауған азаматын қабылдау бойынша Құрама Штаттар Қазақстанды қамтыған бірқатар Орта Азия елдеріне өтініш жасаған болатын. Алайда, аймақ елдері бұл мәселе бойынша белсенділік танытқан жоқ.
Кеше, 15 шілде Ташкентте Орта Азия елдері мен АҚШ ортасындағы С5+1 форматтағы диалогтың кезекті отырысы өтті. Онда да осы мәселенің қайталай талқыланғаны сөзссіз.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау