Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев редакция тілшісі қойған сауалға орай, пандемия басталғалы елде бензин 10-12 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді.
– 2020 жылғы наурызынан бүгінге дейін бензин бағасы шамамен 10-12%-ға артты. Әзірге қорда 20-25 күнге жететін дәстүрлі межеге сәйкес 230-250 мың тонна бензин және осы мөлшерде дизель отыны бар, – деп сендірді министр ОртКом алаңында өткен жартыжылдық есеп беру жиынында.
Ноғаев келтірген мәліметке қарағанда, қазіргі таңда Аи-92 маркалы бензиннің орташа бөлшек сауда бағасы литріне 172,4 теңге болса, былтыр пандемия басталар тұста 153,8 теңгеге сатылған. Дизель отыны 193 теңге көлемінде, сол қалпы өзгермеген.
«2020 жылы Қазақстанда өндірілген 85,7 млн тонна мұнай мен конденсаттың 68,6 млн тоннасы экспортқа, транзит арқылы 9 млн тонна сыртқа жіберілді. Сонымен қоса, өткен жылы 500 мың тонна бензин, 175,9 мың тонна дизель отынын экспорттадық», – деп толықтырды тілшінің нақтылау сауалы негізінде.
Биыл қаңтар-мамыр айларының аралығында 81 мың тонна дизель отыны экспортталған. Бензин жөнелтілмеген. Былтыр ел ішінде 4 млн (4 032,3 мың) тонна бензин, 5 млн (4 969,8 мың) тонна дизель отыны тұтынылған. Осы жылы алғашқы бес айда ішкі нарықта 1,8 млн тонна бензин, 2 млн тонна дизель қолданылған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді