Қазақстанда өткен тәулікте 2016 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл 22 мамырдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
Өткен тәулікте астанада 678 адамнан коронавирус анықталды. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Қарағандыда – 302, Алматыда – 253, Батыс Қазақстан облысында – 126, Шымкентте 103 науқас тіркелген. Қалған облыстарда анықталған науқастар жүзге жетпейді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус жұқтырғандардың күрт көбеюіне елде "үндістандық штамның" тез таралып жатқаны себеп. Ведомство өткен аптадан бері науқастар 39 пайызға ұлғайғанын хабарлаған.
Бүгін, 30 маусымда Алматы әкімдігі қалада "үндістандық штамның үлес салмағы" 78 пайызға жетті деп хабарлады.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде 423 137 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 4 349 адам қайтыс болған. 1 тамыздан бері 57 025 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 3 446-сы қайтыс болған.
Қазір 23 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр. Басым бөлігінің ПТР тесті оң шыққан.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті