Қазақстанның әрбір жетінші азаматы вакцина алған. Бұл туралы кеше, 23 маусыма Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшілер сұрағына жауап берген денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Оның сөзінше, елде коронавирусқа қарсы егіліп жатқан вакцинаның бәрі өте тиіміді, сондықтан басқа вакциналардың келуін күтіп қажет емес.
«Қазақстанның әрбір жетінші азаматы вакцина алды. Бұл – үлкен жетістік. Басқа вакциналарды күтудің қажеті жоқ. Барлық вакциналардың ел аумағында қолдануға рұқсат етілгенін түсіну өте маңызды. Олар қауіпсіз, тиімді, тексерілген және шамамен 2,9 миллион адам осы вакциналарды салдырған. Тиімділігі өте жақсы, біз вакциналаудың көмектесетінін көріп отырмыз. Вируспен ауырғандар енді жұқтырмаймын деп ойлауы мүмкін, бұл мүлдем дұрыс емес. Қазақстанда қайта ауыру жағдайлары тіркелді, әлем бойынша да осындай статистика бар. Көптеген адам қайта ауырып жатыр және жағдайлары да өте ауыр. Өкінішке орай, қайтыс болып жатқандар да бар. Сондықтан өзін қорғау үшін, отбасын қорғау үшін міндетті түрде вакцина салдыру қажет» деді министр.
Қазақстанда вакциналау науқаны ақпанда бастаған. Әуелі ресейлік "Спутник V" екпесін, кейін осы екпенің Қарағандыда өндірілген нұсқасын салды. Сәуірде қазақстандық ғалымдар жасаған QazVac қолданысқа енді. Бұдан бөлек Қытайда әзірленіп, БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax және қытайлық CoronaVac вакцинасын егіп жатыр.
15 маусымда елде коронавирусқа қарсы тағы бір екпе - QazCoVac-P вакцинасының клиникалық сынағы басталғаны хабарланды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы