Францияда жыл сайын ұйымдастырылатын «Музыкалық фестиваль» соңы жергілікті тұрғындар мен полицияның қақтығысына ұласты.
Биліктің бұйрығына сәйкес коронавирустың таралуына байланысты 10-нан астам адамның бір орынға жиналуына тыйым салынған. Бұл талап үкімет қаржыландырған бірқатар концерттерге қолданылған жоқ. Бұл фестивальде көрермендер маска тағып, шоуды қашықтықта тамашалауы керек болатын. Бірақ концертке жиналғандар Парижде карантин талаптарын өрескел бұзған. Сол себепті полиция көрермендерге ескерту жасаған. Жиынның соңы ірі қақтығыспен аяқталды.
17 маусымнан бастап Франция билігі көшеде маскаларын тағу режимін алып тастады. Бұл талап тек үйірмелер мен адамдар көп жиналатын орындар үшін сақталды. 20 маусымнан комменданттық сағат басталды.
Дүйсенбіде Франция президенті Эммануэль Макрон шоу, концерттерді өткізуге 9 шілдеден бастап рұқсат беру туралы шешім шығарған.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Францияда эпидемия басталғалы 5,7 миллионнан астам кейс тіркеліп, 110 мыңнан астам адам қайтыс болған. Соңғы аптада 1,2 мың адам ауруханаға жатқызылды. Бұл – мамырдың ортасындағы деректен бірнеше есе аз.
Денсаулық сақтау органдарының мәліметтері бойынша 32 миллионнан астам халық осы уақытқа дейін вакцинаның бірінші дозасын қабылдаған. 15 маусымда Францияда 12 жастан үлкен жасөспірімдерге вакцинация басталды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті