АҚШ президенті Жоу Байден мен Ресей президенті Владимир Путин бүгін, 16 маусым сәрсенбі күні Женева қаласында кездесті. Кездесуге дейін де және кездесу барысында да тараптардың қандай да бір ірі келісімнен үміттері аз болды.

Қазіргі ақпарат құралдарында бар мәліметтер бойынша, кездесу бірнеше сағатқа созылған. Алдымен екі елдің президенті және АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Ресей сыртқы істер министрлерінің алдын-ала кездесулері өткен. Одан кейін тараптар кеңейтілген құрамда қайта жолыққан.

Кездесуден бұрын Байден командасынан бір шенеунік журналистерге берген пікірінде, Байден мен Путин арасындағы ресми бас қосудан жоғары нәтиже күтіліп отырмағанын, бар болғаны тараптар өз елгілерін кері шақырып алудан бас тартуға келісу бойынша ғана мақсат құрылып отырғанын айтып өткен еді.

АҚШ-Ресей қарым-қатынасының нашарлауына байланысты АҚШ елшісі Джон Салливан мен Ресей елшісі Анатолий Антонов осы жылдың басында кері шақырылды. Бұл екеуі де бүгін Женевада болады деген ақпарат бұдан бұрын тараған.

АҚШ үкіметінің жоғары лауазымды қызметкері Байденнің келіссөздердегі мақсаттарына мыналар деп көрсеткен еді:  АҚШ пен Ресей ынтымақтаса алатын аймақтарды іздеу; АҚШ-тың негізгі ұлттық мүдделерін нақты көрсетіп, «Ресейдің АҚШ мүдделеріне қайшы келетін әрекеттеріне жауап беру.

Байден мен Путиннің екі елдің президенттері ретінде алғаш кездесуінің нәтижесі, саяси бағасы туралы айту қазірше ерте. Дегенмен, тараптардың кездесуі АҚШ-Ресей қатынасының «ең нашар тұсында» (Путин осылай бағалаған) кездесуінің саяси мәні терең.

“The Qazaq Times”