Қазақстанның экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 14 шілдеге дейін ұзартылды. Мұндай шешімді бүгін, 9 маусымда астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарды.
Прокуратура өкілдері бұрынғы министрдің үйқамақ шартын қатайту туралы өтініш түсірсе де, судья Ақмарал Исаева оны қанағаттандырмаған. Бір күн бұрын прокурор Төлеген Жарасбаев соттан Біртановқа туыстары мен жақындарынан басқа адаммен сөйлесуге және медициналық мекемеден басқа жаққа баруға, ұялы телефон және өзге де байланыс құралдарын қолддануға тыйым салуды сұраған.
Сот отырысы кезінде үш адвокат пен Біртановтың қоғамдық қорғаушысы – бауыры Ержан Біртанов тергеу органдарының "заң бұзу әрекеттерін" алға тартып, экс-министрді үйқамақтан босатуды сұраған. Біртановтың өзі тергеу органдарынан қашпайтынын жеткізген. Ол соттан "Біртановтың шетелде үйі бар" деп "жалған ақпарат" берген прокуратура мен тергеу органдарының әрекетіне құқықтық баға беруді өтінген.
Бір күн бұрын қорғау тарабы "іс бойынша айғақ жинауға кедергі келтірген денсаулық сақтау министрлігіне айыппұл салынғанын" хабарлаған.
50 жастағы Елжан Біртанов "аса көлемдегі бюджет қаржысын жымқырды" деген күдікпен 2020 жылдын 7 қарашасынан бері үйқамақта отыр. Оның үйқамақ мерзімі бұған дейін бірнеше рет ұзартылған. Ол өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.
Елжан Біртанов 2017 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың маусымның соңына дейін денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Ол коронавируспен ауырғандар саны күрт көбейіп, ауруханаларда орын жетпей қалған тұста отставкаға кеткен. Оның орнына Алексей Цой қызметке келді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі