Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустың 1 739 жаңа жағдайы тіркеліп, 32 адам қайтыс болған.
Қарағанды облысында – 319 жаңа жағдай, Алматыда – 310, астанада – 293, Ақмола облысында – 130, Алматы облысында – 96, Павлодар облысында – 87, Батыс Қазақстан облысында – 87, Шығыс Қазақстан облысында – 75, Атырау облысында-64, Шымкентте – 62, Маңғыстау облысында – 46, Қостанай облысында – 40, Солтүстік Қазақстан облысында – 39, Ақтөбе облысында – 36, Түркістан облысында-24, Жамбыл облысында – 21, Қызылорда облысында – 10 науқас тіркелген.
Жалпы елде инфекцияның 378 311 жағдайы расталды.
Қазақстан билігі коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына енгізбеген. Бірақ халықаралық ұйымның қысымымен былтыр 1 тамыздан бері есепке ала бастаған. Содан бері 54 837 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 3349-ы қайтыс болған.
Осы аптада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын айтқан. Қазір Атырау, Ақмола, Қарағанды облыстары, Алматы мен астана «қызыл аймақта» тұр. Павлодар, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы «сары аймақта» тұр. Қалғаны облыстар «жасыл аймақта».

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті