Қазақстанда "вакцинадан кейін қайтыс болды" делінген төрт адамның екеуінің өліміне вакцина себеп болғаны дәлелденбеген. Қалған екеуіне қатысты комиссия жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы 19 мамырда өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят мәлімдеді.
Оның айтуынша, Алматы облысында перзентханада жұмыс істеген медицина қызметкерінің өліміне қатысты комиссия жұмысын аяқтаған. Марқұм дәрігердің бұрыннан жүрегі ауырған, диспансерлік тіркеуде тұрған, бірақ жиі қаралмаған. Қажетті дәрі-дәрмек қабылдамаған.
"Сот-медициналық сараптамасының нәтижесі мен комиссияның түпкілікті қорытындысына сәйкес, пациенттің мәйітін тексеру кезінде вирусомия белгілері немесе коронавирустың органдарға әсері анықталмады. Созылмалы жүрек патологиясы болған, қайтыс болуына сол себеп болды, осыған орай адам өлімінің вацинаға қатысы дәлелденбеді" деді Ажар Ғинаят .
Оның сөзіне қарағанда, Алматы қаласы тұрғынының өліміне қатысты сот-медициналық сараптама нәтижесі әзірге дайын болмаған. Министрлік өкілі марқұмның диспансерлік есепте тұрмағанын, дәрігерлерге тұрақты түрде қаралмағанын айтты. Бірақ оның "қан қысымы жоғары болған, жүрегі ауырған".
Вице-министрдің айтуынша, комиссия Ақтөбе облысында қайтыс болған тұрғынның жүрек соғысының бұзылғанын (аритмия) анықтаған, бұл көп жағдайда жүрек ишемиясына апарады, сол себепті адам өлімінің вакцинаға қатысы жоқ деген қорытынды жасалған.
Ал төртінші азамат вакцинаның екінші компоненті салынғаннан кейін 12 күн өткен соң қайтыс болған. Оның өлімін комиссия әлі зерттеп жатыр.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау 1 ақпанда басталған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді