Беларусь президентінің заң шығару функциясын шектеу жоспарланып жатыр. Егер құжат қабылданса, президент заңдық күші бар жарлықтарды шығару мүмкіндігінен айырылады.
Конституциялық комиссияның төрағасы, Беларусь Конституциялық сотының басшысы Петр Миклашевич: «Парламенттің заң шығару функциясын неғұрлым толық іске асыруы мақсатында Конституциядан Республика Өкілдер палатасы мен Кеңесінің президентке заңдық күші бар декреттер шығаруға заңнамалық өкілеттіктер беруін көздейтін ережелерді алып тастауды ұсынамын», – деді. Мұнымен қатар, билік транзиті де талқыланды. Бірақ «Еуропаның соңғы диктаторы» атанған Лукашенконың өзі елде билік транзиті жүзеге аспайтынын кесіп айтқан.
Бұған дейін 9 мамырда Беларусь президенті Александр Лукашенко «Егемендік пен конституциялық құрылысты қорғау туралы» жарлыққа қол қойған. Ресми құжатта: «Мемлекет басшысы қастандық, террор шабуылы, сыртқы агрессия және басқадай күш қолдану салдарынан қаза болған жағдайда мемлекеттік органдардың барлығы және олардың басшылары Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сай әрекет етеді, кеңес отырысына премьер-министр төрағалық етеді. Бұған қоса ел аумағында дереу төтенше не әскери жағдай жарияланады», – делінген.
Беларусь Конституциясы бойынша, президент қайтыс болған немесе қызметін атқару қабілетінен айырылған жағдайда оның міндетін атқару премьер-министрге жүктеледі деп көрсетілген, ал Қауіпсіздік кеңесіне берілетіні жайлы ештеңе жазылмаған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел