![](https://qazaqtimes.com/kk/content/uploads/2021/04/1550068979_0_260_2201_1498_600x0_80_0_0_eab6a9d942a222c93327746f63a3b362-800x480.jpg?token=cfa4fd8cf49cf106dc08cdfc686d8b15)
АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) Марсқа Ingenuity тікұшағын жіберді.
Ingenuity жобасының ғылыми жетекшісі Мими Онгтың мәліметінше, құрылғы шамамен 5 м биіктікке көтеріліп, камераны әр түрлі бағытта қолдануы тиіс. Осыдан кейін Ingenuity ұшу орнына қайтады.
Марстан Жерге Perseverance роверінің көмегімен жіберілген ақпарат NASA-ға шамамен Мәскеу уақытымен 16:21-де келуі керек. 19 сәуірде өткен алғашқы сәтті ұшу сынағындағыдай, тікұшақтың қозғалысы Perseverance камераларымен бекітіледі.
Өткен дүйсенбіде салмағы 1,8 кг болатын тікұшақ автономды түрде Марс бетінен шамамен 3 м биіктікке көтерілді. Оның ұшуы 39,1 секундқа созылды. Сол күні NASA-да өткен баспасөз мәслихатында алдағы екі аптада тікұшақтың кемінде төрт рейсі жоспарланғаны жарияланды.
Ingenuity (ағылшыннан «өнертапқыш» дегенді білдіреді) – Марста ұшу мүмкіндігін анықтауға арналған ұшқышсыз тікұшақ дроны. «Марс-2020» миссиясы бойынша Perseverance роверіне бекітілген тікұшақ 2021 жылдың 3 сәуірінде осы роверден бөлініп, Марс бетіне жіберілді.