Марсқа сәтті қонған NASA-ның «Perseverance» ғарыш құралы Жерге мәлімет жіберді. Қону сәті шамамен жеті минутқа созылған.
Миссияның басты міндеті – Марста тіршілік ізін іздеп көру. Себебі ғалымдар «қызыл ғаламшарда» 3-4 миллиард жыл бұрын өмір болған дейді. Ғарыш құралының Марсқа табан тіреген сәт барлық тұрғындар көре алатындай тікелей эфирде көрсетілді. Тарихи мезетке Франция президенті де таиашалады.
«Perseverance» АҚШ-тан өткен жылдың шілдесінде аттанған болатын. Оны алып ұшқан зымыран Марсқа 500 миллион шақырым жүріп жеткен. Бірақ «қызыл ғаламшарға» қону анау айтқандай жеңіл болмады. Себебі Марс атмосферасында газ қысымы өте жоғары. Бұған дейінгі миссиялардың 60%-ы сәтсіз аяқталған.
Былтыр жазда Біріккен Араб әмірлігі атмосферсын, климатын және жыл мезгілін зерттеу мақсатында «Әл-Амал» спутнигін Марсқа ұшырған болатын. Ақпанның басында Марс орбитасына Қытайдың ғарыш зонды шығарылған. Қондырғы Марсқа мамырда қонады деген болжам бар.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы