" ...Туған жердің қасқыры,
Кемір ақын сүйегін.
Туған жердің тас-құмы
Сені солай сүйемін"!
Қазақтың әйгілі жырауы, туған жерге сағыныш жырларының дабылы Жәркен жырау Бөдешұлы 76 жасқа қараған шағында өмірден озды. Осы бір ел өмірі мен руханиятына ауыр тиген жылдарда қазақтың тағы бір жыр алыбы мәңгілік сапарға аттанды.
Жәркен (Жармұхаммед) Бөдешұлы 1944 жылы мамырдың 15 жаңасында Тарбағатайдың Жайыр тауында өмірге келген. ҚазМУ-дың Журналистика факультетін бітіріп, түрлі басылымдаhда, сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағы мен Дүниежүзі Қазақ қауымдастығында қызмет істеді.
Жәркен жырау Қазақ поэзиясының алтын қорына "Көкше құрақ", "Қос қанат", "Жұлдызға орнын ай бермес", "Бұрылыс" қатарлы оннан астам жыр жинақтарын, әдебиет қазынасына соны соқпақты дастандарын қалдырды. Ақын Халықаралық "Алаш" әдебиет сыйлығының иегері.
Жыраудың орны толмас қазасына орай, марқұмның туған-туыстарына, ауылдас ағайын-жұртына қайғыра отырып көңіл айтамыз! Жырлары миллиондаған жүректерге жерленіп, бейіште нұрын шалқытсын!